Батыс Қазақстанда газ өңдеу зауытының құрылысшылары көтерілісті доғарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда газ өңдеу зауытының құрылысшылары көтерілісті доғарды

Батыс Қазақстанда газ өңдеу зауытының құрылысшылары көтерілісті доғарды

Батыс Қазақстан облысында Чинараев кенішінде газ өңдеу зауытын салып жатқан "Қазстройсервис" компаниясының жұмысшылары көтерілісті тоқтатты.

  • 14 Мамыр 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz


«Бүгін жұмысшылар жұмысқа шықты, оларға төлем қалпына келтіріледі», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне "Қазстройсервис" АҚ мәлімдеді.
Сәрсенбі күні көтерілісшілер облыстық прокуратура мен «Нұр Отан» партиясының филиалына жазбаша арыз түсіріп, мәселені қарастыруды сұраған.
10 мамыр күні "Қазстройсервис" мердігерлік құрылыс ұйымының 140 жұмысшысы төлемді қысқартуға қатысты акция ұйымдастырған болатын.
"Қазстройсервис" компаниясы «Жайықмұнай» ЖШС тапсырысы бойынша Чинараев кен орнында газ өңдейтін зауыт салуда.
"Қазстройсервис" мұнайгаз саласының нысандарын жобалау, материалдық-техникалық жабдықтау және салумен айналысады, негізінен Қазақстан мен Үндістанда жұмыс істейді.