Батыс Қазақстанда қазақстандық жұмысшыны тепкендігі үшін Қытай азаматы сот алдында жауап беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда қазақстандық жұмысшыны тепкендігі үшін Қытай азаматы сот алдында жауап беруде

Батыс Қазақстанда қазақстандық жұмысшыны тепкендігі үшін Қытай азаматы сот алдында жауап беруде

Батыс Қазақстан облысында Зеленов аудандық соты қол тигізгендігі үшін Қытай азаматын әкімшілік жауапқа тартты.

  • 6 Ақпан 2014
  • 326
Фото - Caravan.kz

"Бірлескен ресейлік-қазақстандық кәсіпорында инженерлік-техникалық қызмет директоры ретінде жұмыс атқарған шетелдік азамат бір жұмысшымен сөзге келіп қалған", — деді "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық соттың баспасөз қызметінен.

"Жүргізушінің көліктен бензин құйып алып жатқанын көріп, ол кәсіпорын жетекшісі ретінде ашуланып, оның айтуына қарағанда, канистраны теуіп қалған. Алайда жүргізуші "ол менің жамбасымнан тепті", — деп айтуда, ол туралы медицина мекемесінен анықтама қағазы да бар екен".

Сот қаулысына орай Қытай азаматы ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 79-3 бабының 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылды, алайда екі жақ татуласқандықтан жауапкершіліктен босатылды.


Зардап шегушінің мәлімдемесіне қарағанда, материалдық және моралдық шығынның орны толықтай өтелген.