Батыс Қазақстанда жас ана жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда жас ана жоғалып кетті

Батыс Қазақстанда жас ана жоғалып кетті

Оралда екі баланың 21 жастағы анасы жоғалып кетті. Жұлдыз Сисенова облыс орталығына 26 сәуірде өзі тұрып жатқан Теректі ауданындағы Богдановка ауылынан кетіп, сол күйі оралмаған.

  • 3 Мамыр 2017
  • 2636
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Мой Город" ақпаратына сүйеніп, Tengrinews.kz хабарлады. 

"Таңғы алтыда шаруаларымен қалаға барып келетінін айтқан. Балаларға қарай тұруымызды өтінді. Күйеуі Оралда тұрады, соған кетті екен деп ойладық. Бірақ күйеуі Жұлдызды көрмегенін айтып отыр. Ұялы телефоны жиі сөніп қалады, жоғалып қалған болуы мүмкін", — деді қыздың туыстары. 

Жұлдыздың екі баласы бар, тұңғышы 4 жаста, кенжесі бір жыл төрт айлық. "Кенже баласының өкпесіне суық тиген. Осымен төртінші күн анасын іздейді", — деп хабарлады жоғалып кеткен қыздың туысы. 


Қыз қысқа қоңыр күрте мен түрлі түсті белдемше және балетка киген. Жұлдыздың туыстары қандай да бір мәлімет білетіндерден  8 (702) 665-53-45 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар