Батысқазақстандық түлектер орташа 81,25 балл жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық түлектер орташа 81,25 балл жинады

Батысқазақстандық түлектер орташа 81,25 балл жинады

Батыс Қазақстан облысында биыл 4735 түлек мектеп бітірсе, соның 3307-сі немесе 69,84 пайызы (өткен жылы - 71,25 пайыз) ҰБТ сынағын тапсырды.

  • 6 Маусым 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz


Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық мектеп бітірушілердің орташа балы — 81,25, бұл өткен жылғыдан (78,15) жоғары. «Алтын белгіден» 221 үміткердің 112-сі немесе 50,6 пайызы (2013 жылы — 44,02 пайыз), ерекше аттестаттан дәмелі 97 жастың 27-сі немесе 27,83 пайызы (2013 жылы — 28,3 пайыз) өз білімдерін қорғап шықты.

Облыс бойынша Ақсай қаласындағы №4 орта мектептен Ақмарал Меңдеева мен Теректі ауданындағы «Үміт» тілдер гимназиясынан Нұрлан Азаматов ең жоғары 123 балл жинады. 45 түлек ҚР Білім және ғылым министрінің биылғы 23 мамырдағы №172 бұйрығы негізінде халықаралық олимпиада жеңімпазы ретінде ҰБТ-дан босатылған болатын.

Бір ескеретін жайт, 4 маусым күнгі ҰБТ сынағы бойынша апелляциялық жұмыстар қорытындысына сәйкес тестілеу нәтижесі әлі де өзгеруі мүмкін.