Батысқазақстандық «жасотандықтар» жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық «жасотандықтар» жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін көтерді

Батысқазақстандық «жасотандықтар» жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін көтерді

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «жасотандықтар» жас кәсіпкерлермен және студенттермен кездесіп, «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі стратегиясы жобасын талқылады.

  • 13 Қараша 2012
  • 370
Фото - Caravan.kz

Жиынға қатысушылар, әсіресе, жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелеріне баса назар аударды. Бұл — 16 қараша күні Астанада өтетін «Жас Отан» жастар қанаты ІІ съезінде қабылданбақшы стратегия жобасындағы басым бағыттардың бірі.

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының жобалар бойынша менеджері Дария Жүсіпқалиеваның айтуынша, жас кәсіпкерлер ел экономикасын жаңа белеске көтеруге қабілетті қуатты күш болып табылады. Сондықтан бұл мәселенің мемлекеттік маңызы зор. Стратегия жобасына сәйкес өз кәсібін бастағысы келетін жастарға нақты көмек көрсетуге «Жас Отан» жастар қанаты ықпал ететін болады. Жаңа жобалар бойынша кеңес беретін орталықтар ашылып, кәсіпкерлік қызмет дағдысын қалыптастыру бағытында шаралар қолға алынбақ. Соның ішінде ауыл жастарына шағын несие беру назарда болмақ.

Соңғы жаңалықтар