Батысқазақстандықтардың ақшасын өзіне аудартып алған ресейлік алаяққа іздеу жарияланды
![]() |
Батысқазақстандық полицейлер Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің 24 жасар тұрғынын алаяқтығы үшін іздестіруде. |
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған алаяқ батысқазақстандық қос тұрғынның сеніміне кіре отырып, 37 мың 300 рублін банк арқылы өзіне аударып алған. Оқиға былайша өрбіген. Қос жігіт биылғы тамыз және қыркүйек айларында автокөліктің қосалқы бөлшектеріне тапсырыс береді. Алайда қалаған тауарлары келмейді. Тіпті оны жеткіземін деп уәде еткен әлгі жігіт із-түзсіз жоғалады. Сонда ғана алданғанын түсінген жәбірленушілер полицияға хабарласуға мәжбүр болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін