"Бауыры екіге бөлінген, бүйрегі езіліп, ішектері үзілген": 4 жасар бала ересек адамның қолынан өлген - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бауыры екіге бөлінген, бүйрегі езіліп, ішектері үзілген": 4 жасар бала ересек адамның қолынан өлген

"Бауыры екіге бөлінген, бүйрегі езіліп, ішектері үзілген": 4 жасар бала ересек адамның қолынан өлген

Алматыда 4 жасар бала аса  қатыгездіктен көз жұмды. 

  • 27 Қыркүйек 2023
  • 820
Фото - Caravan.kz

Баланы өлтірді деген күдікпен анасының 19 жасар көңілдесі қамауға алынған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Аталмыш оқиғаның мән-жайын журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды. 

"Алматыда 4 жасар бала ересек адамның қолынан өлді. Кішкентай Хантөрені анасының көңілдесі асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деген күдік бар. Самал былтырдан бері күйеуімен ажырасып, баласымен бөлек тұрады. 

Хантөре әкесімен кездескен сайын өзін бөтен ағаның ұратынын, талай рет астына басып тұншықтырғанын айтқан. Дәлел ретінде денесіндегі көгерген тұстарын көрсетіпті. Марқұмның туыстарының маған жазған хатына сенсек, "Әкесі бұл сұмдықты айтып полицияға арыз жазған, алайда ешкім баланың тағдырына араша түспепті". 

Кезекті тепкі, таң атпай Хантөрені ұрып-соғу 21 қыркүйек күні болды. Бүлдіршіннің есінен танғанын көре тұра анасы да, сожителі де еш көмек көрсетпеген. Самал әдеттегідей жұмысқа кетеді, өгей әкесі есі кіресілі-шығысылы талықсыған баланы бақшаға әкеледі. Ұялмай ауырып тұрғанын айтады. Кіре салып төсек тартып жатып қалған Хантөре 1 сағаттан соң лоқсып құсып жағдайы нашарлай бастайды. Жедел жәрдеммен шұғыл балалар ауруханасына жеткізіледі. 

Диагнозы: бауыры екіге бөлінген, бүйрек езілген, ішектері үзілген, кішкентай жүрегі бір тоқтап, бір соғады. Қысқасы, 4 жасар баланың ішкі органы түгел езіліпті, сау тамтық жоқ. 


Дәрігерлер шұғыл күрделі ота жасап, араша түскенімен Хантөренің жанын сақтай алмады. Періште 5 күн қиналып, есін жимастан көз жұмды. Бүгін жер қойнына тапсырылды. 

Анасы да тергеуде, сожителі де күдікті деп қамауға алынды", — деп жазды журналист.