Жарияланды: 80

Бауыржан Байбек балаларын автобуспен қыдыртып жүр

Бауыржан Байбек балаларын автобуспен қыдыртып жүр

Алматылықтардың көңіл-күйлері өте тамаша. Барлығы жайдары, кафе мен мейрамханаларда адам көп - Байбек.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында демалыс күндері автобус пен метрода жүрген кездегі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Жексенбі күні балалармен Панфилов көшесіне баруды ұйғардық. BRT жолында 205 автобусты күтіп тұрып, аялдамадағы қағаз тізімде аталған маршруттың жоқтығын аңғардым. Дегенмен, автобус электрноды таблода көрсетілгендей дәл уақытында келді. Екі жылдың ішінде Алматының автобус паркі 80% жаңартылды, бірақ әлі атқарар шару жетерлік. 38 бағыт бойынша қатынайтын ескі автобустарға қатысты көп хабарлама келіп түседі. Жуырда тағыда 500-дей автобус келеді. Аталған бағыттың автобустарын бірінші кезекте ауыстыратын боламыз. Панфилов пен Төле би көшлерінің қиылысына келдік. Алматылықтардың көңіл-күйлері өте тамаша. Барлығы жайдары, кафе мен мейрамханаларда адам көп. Гоголь көшесінде орналасқан кітап дүкеніне бас сұқтық. Жастардың көптігі қатты қуантты, - деп жазды шаһар басшысы.

Ал үйіне әкім, метромен қайтты.

- Ескі бекеттердің бірқатарында қозғалысы шектеулі тұрғындар тобына жағдай жасалмаған, дәретханалар жоқ. Жаңа жобаларда бұлардың барлығы ескерілетін болады. P.S. Таяуда ғана Алматыға келіп кеткен мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев метроның екі жаңа бекетін салуды жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлуді тапсырды. 8 су жаңа жылжымалы (32 вагон) құрамның ақшасы төленіп қойды. Қазіргі таңда Алматы метрополитенінде 7 жылжымалы құрам (28 вагон) бар. Соның нәтижесінде біз оның санын екі еседен артық ұлғайтамыз, - деді Байбек.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Бауыржан Байбек (@baibekbk) on

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін