Бауыржан Байбек қала мектептерінің жер сілкінісіне төзімділігін тексерді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бауыржан Байбек қала мектептерінің жер сілкінісіне төзімділігін тексерді

Бауыржан Байбек қала мектептерінің жер сілкінісіне төзімділігін тексерді

Алматыда бірқатар оқу нысандарын сейсмикалық нығайту және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 297
Фото - Caravan.kz

Алматыда биыл алғаш рет қаладағы 28 оқу нысаны ғимаратының жер сілкінісіне төзімділігін күшейту мақсатында сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, 22 мектеп пен алты бала бақша ғимараты ретке келтірілді.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл мегаполисте екі мектеп пен алты балабақша салынады. Сонымен қатар, алты мектеп пен бір бала бақша ғимараты жөделіп, олардың жанынан қосалқы нысандар салынады.

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек сейсмикалық нығайту, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген бірқатар мектеп пен бала бақшаларды аралап көрді.

«Қазіргі кезде №71, №106, №53, №63-ші төрт мектепте және №69 и №80 екі бала бақшада сейсмикалық нығайту жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, қыркүйекте №10 мектепте және №77,№82 екі бала бақшада аталған бағыттағы жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Ал, №187, №192, №4, №162, №19, №118, №101 жеті мектепте қазан айында, №20, №104, №130, №94, №21, №110 алты мектепте қарашада, «Үміт үйі» мен №46 мектепте  желтоқсан айында сейсмикалық нығайту жұмыстары аяқталады», делінген Алматы қаласының Құрылыс басқармасы таратқан мәліметте.

Қалада мектеп жасына дейінгі жеті балалар мекемесінде құрылыс жұмыстары жүруде. Мысалы, №110 мектеп жанынан бала бақша салынады, №6 бала бақша жанындағы қосалқы нысанның құрылысы биыл бітеді. Келесі жылы №184, №185 мектептер жанындағы бала бақшалар, Наурызбай және Алатау аудандарында әрқайсысы 320 орынды үш бала бақша пайдалануға беріледі.

Қазіргі уақытта Білім берудің сегіз нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Жыл аяғына дейін №77 және №156 мектеп жанындағы қосалқы нысандар құрылыстары аяқталады. 2018 жылы Наурызбай ауднында 1200 орынды, Алатау ауданында 600 балаға арналған мектеп, №1 Педагогикалық колледж бен №151, №185 жанынан салынған қосалқы нысандар іске қосылады.

Айта кетерлігі, соңғы 5 жыл ішінде қалада 15 мың орынға арналған 280 бала бақша,14 мың орындық 12 мектеп ашылды.Тек өткен жылы ғана жергілікті бюджет есебінен 500 орынды 4  бала бақша  іске қосылды. «Шаңырақ»,«Қалқаман» ықшам аудандарында  мектептер жанына 1800 орынды қосалқы нысандар салынды.


Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында 2016  жылы жеке қаржылар есебінен 5,7 орынды 175 бала бақша мен мини-орталықтар ашылды. 2017 жылы 200 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан жасалған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді.

«Соңғы 2  жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу жөнінде шешім қабылданған. 3 мың орынды 24 бала бақша коммуналдық меншікке беріледі. Осының  арқасында бюджеттің 24 млрд теңге қаржысы үнемделді», делінген әкімдіктің хабарламасында.

Алматыда 2 мың орынға арналған 4  жатақхана салу жоспарланған. 1200 орынды тағы бір жатақхананың құжаттары  дайындалуда. «Тұрғын үй құрылыс жинақ»банкімен бірге жастардың жеңілдетілген заем арқылы жаңа пәтер алуына мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама жасалды. 

Соңғы жаңалықтар