Бауыржан Исламхан – премьер-лиганың үздік ойыншысы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бауыржан Исламхан – премьер-лиганың үздік ойыншысы

Бауыржан Исламхан – премьер-лиганың үздік ойыншысы

«Қайрат» футбол командасының капитаны Бауыржан Исламхан премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлады vesti.kz.

  • 6 Желтоқсан 2016
  • 683
Фото - Caravan.kz

Кәсіпқой футбол лигасы ҚПЛ-2016 маусымының үздік ойыншысын анықтау бойынша сауалнаманың қорытындысын шығарды. Бұған елімізде өнер көрсететін командалардың басшылары, бас жаттықтырушылар және капитандар қатысты. Дауыс беру кезінде әрбір респондент қатысушылар ішінен үздік футболшылардың үшеуін атады. Бірінші орын үшін үш ұпай, екінші орынға екі ұпай, үшінші орынға бір ұпай берілді.

Қорытындысында бұл атақ Бауыржан Исламханға берілді. Ол барлығы 46 ұпай жинады. Екінші орынға өткен маусымды «Ордабасы» сапында бастап, «Астанада» алтын медальдармен аяқтаған Азат Нұрғалиевке берілді. Оның еншісінде 27 ұпай. Ал үшінші орында – «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу. Ивуариялық та 27 ұпай жинады.

Төртінші орынға «Ертіс» ойыншысы Карлос Фонсека (15 ұпай) жайғасса, үздік бестікті «Қайраттың» тағы бір жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин (13 ұпай) түйіндеді.


Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр