Бауыржан Момышұлы туып-өскен үйдің орны туристік нысанға айналуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бауыржан Момышұлы туып-өскен үйдің орны туристік нысанға айналуы мүмкін

Бауыржан Момышұлы туып-өскен үйдің орны туристік нысанға айналуы мүмкін

Бауыржан Момышұлы туып-өскен үйдің орны туристік орынға айналуы мүмкін

  • 4 Ақпан 2018
  • 259
Фото - Caravan.kz

Телеарнаның хабарлауынша, Жамбыл облысының Жуалы ауданында биыл "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 15 жоба жүзеге асырылады. Тізімге енген нысандарды жаңғыртып, шараларды өткізуге 58 миллион теңге қарастырылған, деп хабарлайды Tengrinews 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Жұмыс барысында Бауыржан Момышұлы туып-өскен үйдің орнын туристік орынға айналдыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, ауданда Өлкентану мұражайы пайда болмақ. Қазір жоспар жасалып, дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

"Рухани жаңғыру" ауылда қызу қолдау тапқан. Әсіресе жергілікті көне көз қариялар белсенді. Олар арнайы комиссия құрып, даңқты қолбасшы тұрған үйдің орнын анықтады. Ақсақалдар батыр Бауыржанның үйінің орны мен жанындағы Момышбұлақты туристік нысанға айналдыруды ұсынған", — деп хабарлады телеарна тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, ауыл ақсақалдары бұл орайда жоба да дайындап қойыпты.


"Мың метр жолдың үстінен. Мың-ақ метр. Ал енді біз жобасын сызып қойдық. Ол қазір қоршалады. Осы жоба астында тұр. Ол жерге үлкен бөгет соғылып, су ортасына дейін көтерілуі керек. Екі гектарды биыл қоршаймыз. Оған 4 жарым миллион ақша бөлінді", — деді ауыл ақсақалы Аманжол Дүрәліұлы. 
 

 

Соңғы жаңалықтар