Баян Алагөзова кастингке келген қыздарды не үшін қуып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзова  кастингке келген қыздарды не үшін қуып шықты

Баян Алагөзова кастингке келген қыздарды не үшін қуып шықты

 

  • 7 Ақпан 2018
  • 1161
Фото - Caravan.kz

«Қазақ аруы» қандай болуы керек?! Баян, бұрымдылар арасында ауқымды кастинг жариялағанымен, «ақылына көркі сай» сұлуды таппай әбігерге түсуде. Бұл туралы Ревю бағтарламасында айтылды.

Өйткені, іріктеуде қойылған сауалдарға, мардымды жауап жоқ. Алагөзова салт-дәстүрден жұрдай қыздарға қандай шара қолданды?

Сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған арулар байқауының, қатысушыларға қояр талаптары қаз-қалпында қалғанымен, доданың шекарасы кеңеюде. Иә, осы жылы сұлулар сайысы халықаралық деңгейде өтеді. Яғни, Баянның жобасына Моңғолия, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанда тұратын қазақ тілді қыздар да қатыса алады!

Баян Алагөзова, продюсер:

-Бұл идея қателеспесем осыдан 5 жыл бұрын туындаған болатын. Сол кезде, дәл осы сайысты халықаралық деңгейде өткізу керектігін ұқтым. Біз, Қазақстандағы кастинг аяқталғаннан кейін, өзге елдегі іріктеуді бастаймыз. Жақын күндері сапарға шығамыз.

Іріктеуге келген үміткерлерге Қазақстан тарихынан сауалдар қойылып, ұлттық салт-дәстүрге және танымал тұлғалардың шығармашылығына шолу жасалады.


Перизат Мырзахмет, журналист:

-«Жеті қазынаны» атай алмайды ешқайсысы. Қара сөздің авторлары кім деп сұрағанда, ойланып қалған кезде, «инфаркт» болып қала жаздайсың. Сосын көбісі өтірік айтады.. Менің ең жек көретін нәрсем. Ол және көрерменге бірден белгілі болып тұрады.

Осы орайда біз де қатысушылар арасында арнайы сауалнама жүргізіп көрдік. Бұрымдылар 1995-ші жылдың 30-шы тамызында қабылданған ата заңымыздан да бейхабар болып шықты.

Жыл сайын 6-шы шілдеде Астана күні тойланатынын біледі ме екен?

Көп қатысушы бұл кастингтің бірінші кезеңінде-ақ тығырыққа тірелген! Бүгінде Баян бастаған команда әлі де лайықты үміткерлерді іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар