Жарияланды: 50

Баян Алагөзова: Талғат Теменов басында рұқсат беріп, кейін 50 мың доллар талап етті

Баян Алагөзова: Талғат Теменов басында рұқсат беріп, кейін 50 мың доллар талап етті

Баян Алагөзова "Тағдыр бекеті" атты фильм түсіремін деп дауға қалды.

Кезінде өзінің жұлдызын жағып кино әлеміне жол ашқан режиссер Талғат Теменов оны сотқа берді. Мақсатқызы 7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасында болған оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Ол кісіге звондап идеямды айттым. Жалғасын түсірейін дедім. Ол: - Проблема жоқ, мен, тіпті саған көмектесемін. Бәрі жақсы болады, - деді. Мен жұмысты жалғастырып кеттім. Кейін маған звондап: - Рұқсат бермеймін. Маған ақша керек. 50 мың доллар, - деді. Не болып қалғанын түсінбедім", - дейді Алагөзова.

Баян Мақсатқызы режиссердің бұл талабын орындай алмаған. Ол үшін жерде жатқан ақша жоқ. Сондықтан да ол басқа фильм түсіруге бел буған. 

"Өз-өзіме айттым, жақсы, енді басқа кино, басқа хикая болады. Фильмнің атауы да, актерлер де, бәрі басқа болады. Музыка да болмайды. Бірінші фильмге қатысы жоқ басқа картина болады", - дейді Мақсатқызы. 
"Тағдыр бекеті" фильмінде кезінде Баянмен бірге басты рөлді сомдаған актерлер бой көрсеткен. Әйткенмен Алагөзова хикая мүлде бөлек деп отыр. Мәселен, "Махаббат бекеті" картинасында Гүлназ қызды болады. Ал мұнда басқаша. 

"Гүлназдың күйеуінің аты Жан болады. Ұл баласы бар, есімі - Ұлан. Бірінші фильмге қатысы жоқ. Бұл жаңа хикая, менің хикаям", - дейді Алагөзова.

Продюсердің айтуынша, Теменов мырза осыны біле тұра оны сотқа берген. Нәтижесін уақыт еншісіне қалдырайық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін