Жарияланды: 520

Баян Алагөзованың қызы шошқа етін жейтінін айтып, елді ашуландырды

Баян Алагөзованың қызы шошқа етін жейтінін айтып, елді ашуландырды

Баян Алагөзованың кіші қызы Айару шошқа етін жейтінін айтып, желі оқырмандарын таңғалдырды. Асты шебер әзірлейтін Айару барлық халықтардың асханасын ұнатады екен.

“Барлық халықтардың тағамын жақсы көремін. Теңіз тағамдарын да жеймін, шошқа етінен де бас тартпаймын. Суши мен раменді де ұнатамын. Әрине, бұл тізімде қазақ асханасы да бар. Бірақ болашақта еттен түбегейлі бас тартсам деймін”, – деген Айарудың сөзі көптің ашуына тиді.

“Мұсылмандарға шошқа етін жеуге болмайды”, “Харам деген тамақтан аулақ бол! Адам не жесе мінезі соған ұқсайды”, – деп сынады желі қолданушылары.

Ал Айару бұдан өзге де өзі туралы деректерді келтірді.

“Мен мүлдем қызғаншақ емеспін. Досқа да, жігітке де сондаймын. Ер мен әйелдің арасындағы достыққа сенемін.

Адам өзінің болашағына сенбесе, мектептегі баға да, жоғары білім де көмектеспейді.

Адамдармен сөйлесу жағынан келгенде анам мен Айса (ред.Айсәуле Бақытбек) үшеуміз ұқсаймыз. Кейде олардың даусы мен өзімдікін шатастырып аламын.

Кішкентай балалар мен жануарларға суықпын. Бірақ ит бөлек әңгіме”, – дейді Айару.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін