Жарияланды: 5800

Баян ба, саян ба, қоян ба маған бәрібір. Меруерет Түсіпбаева Баян туралы қатты айтты

Баян ба, саян ба, қоян ба маған бәрібір. Меруерет Түсіпбаева Баян туралы қатты айтты Сурет - qamshy.kz

 

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" телехикаясы төңірегінде туындаған дауға байланысты тағы да пікір білдіріп, Баян Мақсатқызы туралы өткір сын айты. Бұл туралы ол 31 арнаның  "Айта берсін" бағдарламасында мәлім етті деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

- Мен өз пікірімді білдіруге құқылымын. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткермін. Мемлекетке сіңірген еңбегім жеткілікті, құдайға шүкір. Менің бұл атағымды біздің президентіміздің өзі қол қойып тұрып берген. Бұл "Халық әртісі" деген атаққа сәкес. Сол үшін, өзімнің пікірімді ол - Баян ба, саян ба, қоян ба, ол бай ма, кедей ме, танымал ма, танымал емес пе - маған бәрібір. Мен өз пікірімді білдіруге Қазақстан Республикасында, демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқан қоғам қайраткері ретінде пікірімді білдіруге құқылымын", - деді М.Түсіпбаева.

Оның пайымдауынша, бұл мәселеге екі әйелдің ортасында дау-дамай қарамаған жөн.Себебі мәселенің артында ұлттық мүдде тұр.

- Иә, солай ғана қалды. Екі хат жазылды. Мұны екі әйелдің ортасындағы кикілжің деп продюсер ханым шығарғысы келді. Мәселе онда емес, бұл ұлттық мүдде туралы. Бұл үлкен мәселе. Оны "Қазақ үні" сайты жіктеп көтерді. Сайттағылар "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" телехикаясын қарап, тізбектеп бар қателіктеін көрсеткен. Басты рөлде ойнап жатқан әкімнің орынбасарының қызы, көзіне кірпіктер жапсырып алған. Ол тіпті қазақ тілін дұрыс меңгермеген. Көптеген олқлықтарыарын саралаған.

"Қодарға тұрмысқа шығасың "десе, ол өз шешесіне "Қодарға өзің ти" деп айтады екен. Енді бүгінгі күні, 21-ғасырда өмір сүріп жатсақ да, мен анама олай айта алмаймын. Сол үшін Баян ханым бұл мәселені екі әйелдің ортасындағы ұрыс-керіс, өсек-аяңына айналдырмасын", - деді әнші.

Сондай-ақ, Меруерт Түсіпбаева Баянның өтірігін әшкере етті.

Оның айтуынша, массовкаға қатысқандарды үш рет тамақтандырғаны, ақша төлегені жалған көрінеді. Себебі оған қатысқан балалар Меруерт ханымның өзіне хат жазып, бар шындықты айтқан сыңайлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть