Баян Есентаеваның күйеуі үш тәулікке қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаеваның күйеуі үш тәулікке қамалды

Баян Есентаеваның күйеуі үш тәулікке қамалды

 

  • 11 Маусым 2016
  • 832
Фото - Caravan.kz


Өз әйелін, белгілі продюсер Баян Есентаеваны пышақтады деген күдікпен тергеліп жатқан Бақытбек Есентаев үш тәулікке қамалды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сүйене отырып, Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Баян Есентаева Талғар ауданының орталық ауруханасына пышақ жарақаттарымен ауыр халде жеткізілген болатын. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Продюсер Алматы облысындағы күре жол бойында орналасқан жанармай бекетінің маңында пышақталған еді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен оның күйеуі ұсталды. Қазір ол Талғар аудандық ІІБ-ның тергеу қапасында жатыр. Бақытбек Есентаевқа қатысты «қасақана ауыр жаралады» деген баппен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар