Жарияланды: 550

Баянауыл табиғи саябағында 195 гектар аумақта өрт шықты

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Баянауыл ұлттық табиғи саябағында 195 гектар аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 3 қарашада сағат 13.30-да Павлодар облысы Баянауыл ауданы Долбы орман шаруашылығында, Баянауыл ұлттық табиғи саябағында 195 гектар аумақта өрт шықты. Соның ішінде 80 гектар орман массиві өртенді. Өрт 4 қарашада сағат 09.50-де сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Өртті сөндіруге 89 адам мен 15 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы тартылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін