Б.Байбек Алматының бірқатар спорттық және әлеуметтік нысандарын аралады
![]() |
12 қарашада Алматы әкімі Бауыржан Байбек салынып жатқан Универсиада-2017 нысандарын, |
«Нұркент» тұрғын үй кешенін аралады және кәсіпкерлер тұрғызған балалар спорт алаңдарымен танысты.
Универсиада-2017 нысандарында құрылыс жұмыстары мерзімінде атқарылуда және барлық кестеден кейін қалу кемшіліктері жойылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Нысан кешені үш блоктан тұрады. Негізгі арена: «А» блогы - - 12 мың көрермендер үшін, «Б» блогы - сырғанау мұз айдыны, хоккейшілер үшін арена және денешынықтыру кешені. Ортасына «В» блогы орналасады: спортпен айналысатындар үшін бассейн. Учаскеде автотұрақ, жасыл өсімдіктер болады, барлық аумақ абаттандырылады.
Сондай-ақ Алматы әкімі «Нұркент» ТК тұрғындарымен кездесті, онда қала басшысы 25 қарашаға дейін тұрғындар проблемаларын шешуге тапсырма берді. Бүгінгі күні үйлерде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы көтергіштер орнатыла бастады, сонымен бірге ішкіалаңдық желілер (су құбыры, кәріз және газ құбыры) бойынша жұмыстар орындалды, лифтілер жұмыс жасай бастады және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кешен аумағында балалар спорт алаңы салынуда.
Аудан тұрғындары әкімнің өткен жолғы сапарынан кейін жұмыс жақсара түскенін атап өтті және белсенді көмегі мен қолдауы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Б.Байбек жергілікті өзін-өзі басқару және ПИК-пен өзара іс-қимыл арқылы тұрғындардың өздері де жауапкершіліктерін арттыруына баса көңіл бөлді.
Қала бойынша сапарының соңында Б.Байбек жеке кәсіпкерлер есебінен салынған спорт алаңдарында болды. Шағын футбол және волейбол алаңдары барлық стандарттарға жауап береді, сонымен бірге қысқы уақытта оларды мұз айдынына айналдыруға болады.
«Мен біздің Президентіміздің саясатын қолдап, белсене қатысып жүрген кәсіпкерлерге алғыс айтамын, олар өз жұмыстарымен қатар біздің азаматтарымыз спортпен айналысуына да көңіл бөлуде. Ол үшін өз есебінен ішкі аулалық аумақтарды жайластыруда, спорт алаңдары мен ойнайтын алаңдар салуда», - деді қала әкімі.
Еске сала кетейік, мегаполистің әлеуметтік жобаларын кәсіпкерлердің қолдауының бұл бірен-саран жағдайы емес. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін жақын арада «кроссфит», бүкіл қала бойынша «Стрит воркаут» үшін жаңа әлеуметтік спорт алаңдары іске қосылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін