«Бейәдеп сөзге неге бейімбіз?» - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бейәдеп сөзге неге бейімбіз?»

«Бейәдеп сөзге неге бейімбіз?»

«Ана тілі» басылымының соңғы санында «Бейәдеп сөзге неге бейімбіз?» деген талдамалы мақала берілген. Ағылшын тілінде «сленг», «жаргон» деген сөздер бар, оның мағынасы фразеологизмге ұқсас, яғни фонетикалық, грамматикалық жүйеге бағынбайды. Осындай сөз тіркестеріне жастар тым құмар болып барады. Оны сәнге айналдырып алған, мақтаныш көреді: «сындырды», «базар жоқ», «лапша ілді», «құлақтан тепті», «қуады екенсің», «лақтырып кетті», «қораға кірді» деген сөздерді жиі естиміз. «Шешімін таба алмаса, «тормозы ұстап қалды», «зависать етіп қалды», көпшілікпен келуді «толпа», менменсуді «типаж болу», ақша талап етуді «счетчик қою», қоңырау шалуды «маяк тастау» деп жатады. Бұл жаргон сөздерде орыс сөздерінің компоненттері бар. Бірақ бұл Тургеневтің, Толстойдың, Чеховтың тілі емес, демек бұл орайда жақсы нәрсені, озық ойды алып отырған жоқ. Бұл көшенің сөзі. Бұндай сөздер біздің кезімізде де болған. Бірақ оны көпшілік орында емес, өз орталарында қолданатын. Шекарадан шығып бара жатса, тыйым салушылар (ата-ана, мектеп, қоғам болып) тосқауыл қоя білетін», - деп жазады мақала авторы.

  • 12 Мамыр 2014
  • 639
Фото - Caravan.kz


Осы басылымда «Қайтсек көбейе аламыз?» атты мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. Статистика мамандары 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезінде дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі екен. Яғни тәуелсіздік жылдары өмірге келген бала санының аздығы бүгінгі күннің демографиялық көрсеткішіне де әсер еткелі отыр. «Қазақстанның халық санына орасан ықпал ететін екі демографиялық толқын бар. Біріншісін «күшті толқын», екіншісін «әлсіз толқын» деуге болады. Бұл толқындардың тарихы тым терең емес, Ұлы Отан соғысы жылдарына барып тіреледі», — деді мақала авторы.