Бейбіт Ыстыбаев үлкен спорттан кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Ыстыбаев үлкен спорттан кетті

Бейбіт Ыстыбаев үлкен спорттан кетті

Қазақ күресінен Азия чемпионы, әлем чемпионы және 3 дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев үлкен спортпен қош айт

  • 2 Қараша 2017
  • 477
Фото - Caravan.kz

Қазақ күресінен Азия чемпионы, әлем чемпионы және 3 дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев үлкен спортпен қош айтысты. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.

Бұдан былай жамбылдық палуан өз ізбасарларын дайындаумен айналысады. Қазір Бейбіт Ыстыбаев өңірдегі жекпе-жек спорт клубының директоры қызметіне тағайындалды. Бұған қоса ұлттық күресімізді халықаралық деңгейде танытып, одан әрі дамытуға да қолдан келгенше өз үлесін қоспақ. Мәселен, осыдан бірер күн бұрын Астанада өткен әлем чемпионатында ол ұйымдастыру комитетінің өкілі атанып, төреліктің әділ өтуіне жауапты болды.

— Мен спорттан кетіп, қазір жұмысқа бардым. Жоспар – палуандар шығару, мықты-мықты, қазақтың көк байрағын желбірететін. Ол әрбір қазақ азаматының қолынан келеді. Бірақ ояту керек соны. Құдай қаласа, жұмыс істейміз. Көп сөйлемей, аз сөйлейтін адамбыз. Сондықтан нәтижесі болады деп ойлаймын, — деді «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы


Соңғы жаңалықтар