Жарияланды: 1300

Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы бағытындағы автожолды жаңалау жұмыстары 2003-жылдың қазан айының соңында аяқталады

Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы бағытындағы 84 шақырымдық автожолды толыққанды жаңалау жұмыстары өткен наурызда қолға алынған. Жұмыстар 2003-жылдың қазан айының соңында аяқталады деп күтілуде.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақавтожолы" РМК-ның Маңғыстау облыстық филиалының директоры Амангелді Құлманов хабарлады. Жолдың 11 шақырымына асфальт төселсе, 42 шақырымына қиыршық тас , 31- шақырымына құм төселеді. 2002-жылы "Қазақжолжобасы" ААҚ Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы бағытындағы 26 шақырымдық жол учаскесін салу жобасын атқарған. Облыс жолдарындағы барлық жөндеу жұмыстарының бас мердігері болып табылатын "Қазақавтожолы" РМК бұл жоба бойынша өткен жылдың 4-тоқсанында 30 млн. теңге игерді. Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы бағытындағы жолды жаңалау жұмыстарының көмекші мердігері ретінде Жақық" ААҚ, "Бейнеу жолдары" ЖШС, "Бейнеуқұрылыс", "Мехстройсервис" тәрізді жергілікті жол-құрылыс кәсіпорындары шақырылған. Жұмыстың 149537 мың теңгелік біраз бөлігі жергілікті тұрғындар күшімен жүзеге асырылуда. Ал Өзбекстан жағы жолдың өз аумағындағы бөлігін жаңалай бастады. 2003 жылы республикалық маңызды жолдарда орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 200 млн. теңге, 2004 жылы- 3970 млн. теңге, 2005 жылы- 5581 млн. теңге жұмсау көзделген. Ал обыстық маңызды жолдарды орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2003 жылы 756 млн. теңге, 2005 жылы- 901 млн. теңге қарастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть