Бейсенбіде Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады, жел күшейіп, тұман түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейсенбіде Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады, жел күшейіп, тұман түседі

Бейсенбіде Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады, жел күшейіп, тұман түседі

Республиканың  батысында, солтүстік-батысында циклон және фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі.

  • 18 Ақпан 2016
  • 325
Фото - Caravan.kz

Қазақстаның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасынмен бірге желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы  15-20 м/с.-ке жетуі ықтимал.

 Атырау облысының кей жерлерінде  көктайғақ болады, жел күшейіп, екпіні — 15-20 м/с.-ге жетеді Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен  жел тұрады.

 Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетуі мүмкін.