Бейжіңде Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерін пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжіңде Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерін пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады

Бейжіңде Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерін пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады

Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары,

  • 14 Тамыз 2015
  • 550
Фото - Caravan.kz

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының қытай жағынан тең төрағасы Цзяо Юнмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында трансшекаралық өзендерде су бөлу келісімі жобасына қатысты бірлескен жұмыс мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Тараптар Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының жұмысына оң баға берді. 2003-2015 жж. комиссияның 12 мәжілісі өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша маңызды уағдаластықтар мен нәтижелерге қол жеткізілді.

2014 ж. құрылған сарапшылардың арнайы жұмыс тобы айналысатын ҚР мен ҚХР арасында Трансшекаралық өзендердегі су бөлу келісімінің жобасы бойынша белсенді жұмыс басталды. Сарапшылардың бірінші мәжілісі 2015 ж. наурызда Алматыда өтті. 2015 ж. қыркүйекте Бейжің қаласында Келісім жобасын келісу бойынша сарапшылардың екінші мәжілісін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ш. Нұрышев, «қазақстан-қытай трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша бірлескен жұмыстың бас мақсаты екі мемлекет басшылары арасындағы уағдаластықтарды іске асыру болып табылады» деп атап өтті. «Бұл мәселелер ерекше бақылауға алынып, және жоғарғы деңгейдегі кездесулер барысында үнемі талқыланып тұрады», — деді ол.


Цзяо Юн қытайлық тарап екі ел арасындағы көпжақты стратегиялық әріптестік қарым-қатынастары шеңберінде Қазақстанмен бұл бағытта ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар