Бекарыс Сәдуақас жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтынды қоржынға салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекарыс Сәдуақас жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтынды қоржынға салды

Бекарыс Сәдуақас жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтынды қоржынға салды

Қазақстандық дзюдошылар Маргарита Гриценко мен Бекарыс Сәдуақас Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы жүлделерді салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

  • 10 Қазан 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекарыс грузин спортшысы Илиа Сулуманидзені қосымша уақытта жеңді.

— Жақсы көңіл күйде тұрмын. Олимпиада ойындары үлкен жарыс. Қуаныштымын осы жеңісіме. Қазақ еліне құтты болсын деймін. Финалдық кездесу қиын болды. Грузин палуанының күші көп. Сондықтан кішкене шаршап қалдым. Қосымша екі минут күрестік. Қарсыласымды "ваззари" әдісіне салып, жеңіске жеттім,- деді Бекарыс Сәдуақас.

78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Маргарита Гриценко шешуші кездесуде неміс дзюдошысы Рафаэлла Иглдан жеңіліп, күміс медальді місе тұтты. 

Соңғы жаңалықтар