"Бекболат Тілеухан алданған халықтың ақшасын қайтарсын" - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бекболат Тілеухан алданған халықтың ақшасын қайтарсын" - Айгүл Орынбек

"Бекболат Тілеухан алданған халықтың ақшасын қайтарсын" - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек халықты қажылыққа апарамыз деп алдаған "Kausar travel" тур фирмасының директоры ғана емес, Бекболат Тілеуханның да жауапқа тартылуы керектігін айтты.

  • 27 Қыркүйек 2023
  • 14429
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

""Kausar travel" тур фирмасы арқылы қажылыққа алданған халық ақшасын ала алмай арыз жазған еді. 

Қылмыстық іс фирма директорының үстінен ашылып, іс сотқа жеткен. 

Ал директор миллиондаған қаржыны Бекболат Тілеуханға бердім деп отыр. 

ҚР Бас прокуратурасы!

ҚР Ішкі істер министрлігі!

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті!

Бекболат Тілеуханның үстінен неге қылмыстық іс ашылмайды?

"Қаржыны Бекболат Тілеуханға бердім", деп отыр.

Қылмыстық іс ашуға кім кедергі келтіріп отырған?

Әлде намаз оқитын болған соң, алаяқтық жасамайды деп отырсыңдар ма?

Заң бәрімізге ортақ!


Бекболат Тілеухан әулие емес, аладанған халықтың ақшасын қайтарсын!", — деп жазды заңгер. 

Желі қолданушылары Ринат Зайытовтың сөзі тура келгенін жарыса жазуда. 

"Ринаттың сөзі жаны бар екендігі осындайда көрінеді", "Ринат білгендей айтыпты ғой, бәсе жандары шығып кетіп еді", Бекболаты бар, Балғынбек т.б бәрін тексеру керек", "Бәленің бәрі сақалды мен оранғаннан келеді", — деп жазды олар. 

 

 

Соңғы жаңалықтар