Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсті

Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсті

Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсті.

  • 14 Наурыз 2019
  • 21601
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы фейзбук желісіндегі Тоқтар Жақаш мырзаның парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Сөзде қадір жоқ" деп сапырамыз келіп. Ешкімнің көңіліне қарамаймыз. Сөйтсек, әлеуметтік желіде жерден алып, жерге салған жұрттың сөзі жүректі дертті етіпті ғой. "Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсіпті. Жағдайы ауыр екен" деген хабар жетті. "Ұлтың үшін не істедің?" деп жатамыз ғой. Бекең өзінің 14 баласымен қосып, бірнеше жетім-жесірді асырап отырғанын біреу білсе, біреу білмейді. Одан бөлек, жағдай айтып, көмек сұрап баратындарда да есеп жоқ. Осының бәрін үнсіз, жарияға жар салмай атқарып жүрген азаматымыз ауырып қалыпты. Өкпеге қисақ та өлімге қимайтын қазақпыз ғой. Аман-есен анау сүп-сүйкімді құлыншақтарына қайта оралсыншы!", деп жазды

Соңғы жаңалықтар