Бекболат Тілеуханұлын желіде сынаған жігіттің ұйқысы бұзылған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекболат Тілеуханұлын желіде сынаған жігіттің ұйқысы бұзылған

Бекболат Тілеуханұлын желіде сынаған жігіттің ұйқысы бұзылған

Бекболат Тілеуханұлын желіде сынаған жігіттің ұйқысы бұзылған.

  • 23 Тамыз 2020
  • 1055
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Жақында ел ағасы Бекболат Тілеуханұлын орынсыз сынға алған жас жігіт елді дүр сілкіндерген болатын. Оған қарғыс айтып жауап қайтарған  Бекболат Тілеуханұлының аудиожазбасы желіде таралған болатын.

Көп ұзамай ұйқысы бұзылған жас жігіт өкінетіндігін айтып, кешірім сұрап жазба қалдырды.

“Аса қадірлі Бекболат-аға! Жаздым, жаңылдым! Мен байғұсты құдай ұрып қалды. Кешіре көрші, Бек-аға! Қиналған кезде бәріміз өзіңді пана тұтып алдыңа баратын ек. Бетімізді қайтарған кезің аз. Сіздің арқаңызда қажыға бардым. Қаржылай көмек беріп бақтыңыздар. Мен білмеппін. Қытай мен Өзбекстаннан, Мұңғұлиядан бас-аяғы 185 отбасын әкелгеніңізді. Осы коронавирустың кезінде 23 млн. теңгеге халыққа жәрдем етіпсіздер. Мұсылман болған соң рия қылып жария етпепсіздер. Кейін білдім.
Мені шайтан түртті. Күйсеңіз күйгендей-ақ екен. Теріс батаңызды қайтып алыңыз, Аға!!! Ұйқым бұзылып, жаным қиналып бастады. Қиянатымды кешіріп, іні қалпымда жаныңыздан аластамаңызшы! Алдына келсе, атасының құнын кешетін тектінің тұяғы едіңіз ғой! Мен жаңылдым. Сіз кешіре көріңіз!”

Сәлеммен Серік Боқан бауырыңыз.

22.08.2020