Беларусь премьері ЕАЭО-дағы газ бен мұнайдың ортақ нарығы тұжырымдамасын даярлау туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь премьері ЕАЭО-дағы газ бен мұнайдың ортақ нарығы тұжырымдамасын даярлау туралы

Беларусь премьері ЕАЭО-дағы газ бен мұнайдың ортақ нарығы тұжырымдамасын даярлау туралы

Беларусь Премьер-министрі Андрей Кобяков ЕАЭО-дағы газ бен мұнайдың ортақ нарығы тұжырымдамасын даярлауды бақылау - өте маңызды іс деп санайды.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 477
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Гроднода өткен (Беларусь) Еуразиялық үкіметаралық кеңесте айтты, деп хабарлайды БЕЛТА.

«Өндірістік саясатты қалыптастыру барысына, соның ішінде ЕАЭО аясында өндірістік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша жобаны жасауға ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймын. ЕАЭО-дағы газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы тұжырымдамасын даярлауды бақылауды, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығына дайындықты өте маңызды іс деп санаймын», — деді ол.

Сондай-ақ, Андрей Кобяков Беларусь тарапы жекелеген тауарларды электрондық таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске қосатынын айтып өтті.


Соңғы жаңалықтар