Беларусьте жағдай ушықса, ондағы Қазақстан азаматтарына қандай көмек көрсетіледі – СІМ жауабы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусьте жағдай ушықса, ондағы Қазақстан азаматтарына қандай көмек көрсетіледі – СІМ жауабы

Беларусьте жағдай ушықса, ондағы Қазақстан азаматтарына қандай көмек көрсетіледі – СІМ жауабы

Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің консулдық есебінде 1165 Қазақстан азаматы тұрады.
Бұл – қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғандағы есеп.

  • 25 Тамыз 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қандай да бір елде төтенше жағдай болса немесе біздің азаматтар қиын жағдайға ұшырап, елшіліктен көмек сұраса, бізде отандастарымызға барынша қолдау көрсету бойынша қалыптасқан алгоритм бар», — делінген хатта.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте өткен кезекті президент сайлауынан кейін Минск және басқа қалаларда толассыз митингтер өтіп жатыр. Сайлау нәтижесіне көңілі толмаған халық наразылық акцияларына шығып, Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап етуде. Алайда, сайлаудың ресми нәтижесі бойынша ол 80% дауыс алды.

Әртүрлі есеп бойынша, 23 тамыз күнгі қарсылық акциясына шамамен, 100 мың адам шыққан. Осы күні Александр Лукашенконың ұлымен бірге әскери киіммен қолына қару алып жүрген видеолары тарады. Елде көптеген өндіріс орындарының қызметкерлері ереуілге шыққандықтан, жұмыстары тоқтап тұр.