Белгілі айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков дүниеден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков дүниеден озды

Белгілі айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков дүниеден озды

"Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны" атанған Жарқынбек Наушабеков 2 қазанда өмірден озды

  • 3 Қазан 2019
  • 57
Фото - Caravan.kz

 Кеше белгілі ақын, Оңтүстік өңіріндегі айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі Жарқынбек Наушабеков 44 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Aitysker ақпарат прорталының мәліметінше, ақын ауыр сырқатқа шалдыққан.

Айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков

Жарқынбек Наушабековтың өмірбаяны

1976 жылы 12 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Ақтөбе ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген.

Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі 1992 жылы өткен Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесі болды. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы.


2008 жылдың қорытындысы бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны" номинациясын иеленген."ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен наградталған.

Өмірінің соңғы жылдарында Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

 

Соңғы жаңалықтар