Жарияланды: 40

Белгілі алматылық депутат тұрмысы төмен отбасыларға 7 миллион теңге аударды

Белгілі алматылық депутат тұрмысы төмен отбасыларға 7 миллион теңге аударды

Кәсіпкер, мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген серіктестерін табысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектесуге шақырды.

Алматылық кәсіпкерлер "Бақытты отбасы" челленджін бастады.

Ерекше эстафетаны қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген ашты. Ол өзі сынды кәсіпкер серіктестерін табысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектесуге шақырды.

Халық қалаулысы кедей отбасында өскенін және соған қарамастан қиын-қыстау кезеңде де қайырымдылықпен айналысқанын еске алды.

"Мен бұл челленджді әрмен қарай өзімнің кәсіпкер әріптестерім Арманжан Байтасовқа, Серік Түлкібасовқа, Гүлмира Толғанбаеваға, Дулат Тастекеевке және Алмас Әбдіғаппаровқа жолдаймын. Сіздерді де көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беруге шақырамын!", – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген.

Ерекше акцияға барлық қазақстандық қатыса алады. Айта кетейік, ізгілікті істі бастаған Қайрат Құдайбергеннің өзі бірінші болып қорға 7 миллион теңге қаражат аударды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін