Жарияланды: 1600

Белгілі бизнесмен Димашқа ақша табудың жолын көрсеткісі келетінін айтты

Белгілі бизнесмен Димашқа ақша табудың жолын көрсеткісі келетінін айтты Сурет - today.kz

Еліміздегі танымал бизнесмендердің бірі Марғұлан Сейсембаев Димаш Құдайбергенге жақсы табыс табудың жолын көрсетіп, тиімді ұсыныс жасағысы келетінін айтты. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Белгілі кәсіпкер мұндай ойын әлеуметтік желіге жазып, әншімен қалай байланысқа шығуға болатынын сұраған. Марғұлан Сейсембаев өзінің жеке парақшасында былай деп жазыпты:

Достар, біздің мақтанышымыз – Димаш Құдайбергенге немесе оның продюсеріне қалай хабарласуға болады? Менде ол үшін өте жақсы коммерциялық ұсыныс бар. Ол шын мәнінде біздің қор сияқты өте жақсы табыс таба алады. Егер оның байланыс нөмірін білсеңіздер маған жазып жіберуді немесе маған өздері хабарласуы үшін оның продюсеріне тапсыруды өтінемін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін