Белгілі қоғам белсендісі үлгілі отбасын құрып отырған Қыдырәлі мен Қарақатқа араша түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі қоғам белсендісі үлгілі отбасын құрып отырған Қыдырәлі мен Қарақатқа араша түсті

Белгілі қоғам белсендісі үлгілі отбасын құрып отырған Қыдырәлі мен Қарақатқа араша түсті

Белгілі әнші Қарақат Әбілдинаның өткен аптада мешіт ғимаратында туған күнін атап өтуі қазақ қоғамын бір дүр сілкіндірді. Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл қылығы үшін оған кінә тақты. Олар, әсіресе, Құдай үйінде эстрадалық музыка қоюға болмайтынын айтып жатты.

  • 10 Сәуiр 2017
  • 6574
Фото - Caravan.kz


Ал қоғам белсендісі Дина Елгезек өзінің Фейсбуктегі парақшасында Қарақатқа да, оның күйеуі Қыдырәлі Болмановқа да араша түсіпті, деп хабарлайды Caravan.kz.  

Дина Елгезек. Фото Фейсбуктегі парақшасынан алындыДина Елгезек. Фото Фейсбуктегі парақшасынан алынды

"Мұсылман баласы өмір бақи түнеріп өмірін өткізуі керек деп кім айтты? Қуанбаған деп кім айтты? Туған күнінің құрметіне орай, Қарақат қыздарға (көбіне медреседе оқитындар, таныс-туыстары бар) дастархан жайыпты. Садақа беріпті. Сыйлық үлестіріпті. Діни-танымдық әңгімелер айтылып, сұрақтар қойылыпты. Бір балаға зар боп жүрген келіншектерге ұлттық дәстүрлік жоралғы жасалыпты. Төрт бірдей жігітті дүниеге әкелген Қарақаттың мұндай қарекетке құқығы бар шығар? Ақ тілектер айтылып, үлкендер ақ батасын беріпті. Нендей сөкеттік көрдіңіздер? Мешітте емес! Медресенің асханасында! Сол жерде арақ ішіліп, жын-ойнақ жасаса, ренжеуге болады. Бұл не дүрлігу өзі? 
Қарақат бесінші баласына аяғы ауыр екен. Мұншама ауыр сөз айтуға бола ма екен ішінде періштесі бар анаға? Адами құндылық девальвацияға ұшырайтын ақша емес. Ардың құны ауызбен де өлшенбейді. Іспен өлшенеді! Өткенде Қыдырәлі бір шалт басып еді, әлі жүндей түтіп, етін тірілей жеп жатырмыз… Ерлі-зайыптылардың елге жасаған басқа мың-сан жақсылығын неге ұмытамыз? Қояйықшы осы әңгімені! Қарақаттың бақытын берсін сіздерге!" дейді Дина Елгезек.

Соңғы жаңалықтар