Белгілі саясаткер елімізде Құрбан айтты басқаша етіп өткізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі саясаткер елімізде Құрбан айтты басқаша етіп өткізуді ұсынды

Белгілі саясаткер елімізде Құрбан айтты басқаша етіп өткізуді ұсынды

[wpcode id="1694287"] Әміржан Қосанов Құрбан айтты атап өтуді қайта қарау керектігі жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды Caravan.kz тіл

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 880
Фото - Caravan.kz


Әміржан Қосанов Құрбан айтты атап өтуді қайта қарау керектігі жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Бұл туралы саясаткер Фейсбуктегі парақшасында жазған.

«Шынымды айтсам, жылына бір күнде құрбандыққа шалынатын осыншама малға обал-ақ. Бәлкім, болашақта осы рәсімді жөнге салу керек сияқты. Мәселен, әр отбасы емес, бірнеше отбасы бір қой сойса, сол да жетер еді. Ал кемтар, жетім, басқа жағдайы мүшкіл адамдарға басқаша көмек көрсетілсе: жылына бір рет қой етін жегеннен олар байып кетпес,
Мәселен, осы күні қарттар үйіне дәрі-дәрмек, балалар үйіне кітап не спорт жабдықтарын, көп балалы отбасыларға киім-кешек тарту етіп, қол ұшын берсе, ол да сауап болар еді ғой. Ақылдасайықшы…» дейді Ә.Қосанов.

Соңғы жаңалықтар