Белгілі тележүргізуші жоғалған қайын сіңлісі туралы хабар айтқандарға сүйінші берілетінін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі тележүргізуші жоғалған қайын сіңлісі туралы хабар айтқандарға сүйінші берілетінін мәлімдеді

Белгілі тележүргізуші жоғалған қайын сіңлісі туралы хабар айтқандарға сүйінші берілетінін мәлімдеді

Бір ай бұрын жоғалып кеткен қайын сіңлісі Назеркеге танымал тележүргізуші Жанат Бақыт іздеу салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порта

  • 7 Тамыз 2017
  • 3830
Фото - Caravan.kz

Бір ай бұрын жоғалып кеткен қайын сіңлісі Назеркеге танымал тележүргізуші Жанат Бақыт іздеу салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. Ол із-түссіз жоғалған Назерке мен көпшілікке қарата айтылған жазбасын әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.

Балаң мектептен келгенше жаның шығып отырады, ал бір күні ол мүлде келмей қойса қайтер едіңіз? Оны Алла Тағала басқа бермесін. Телефоны аяқ асты өшіп қалса, сол кеткеннен бір жарым ай із-түзсіз жоқ боп кетсе… ата-ананың қандай күйде болатынын білетін шығарсыз…
Анада жазған едім, менің қайынсіңілімнің бірі Әріп Назерке Дарханқызы 1 айдай болды, өкінішке орай әлі табылмады… Өзі биыл мектеп бітірді. Туыстардың айтуынша, іздеу жұмыстарына жұмылдырылған құқық қорғау органдары жұмысын нашар істейді. Іздестіруге бөлінген адам саны өте аз, олар толыққанды жұмыс істей алмайды. Полиция ешбір бастамашылдық танытып отырған жоқ және уақыт пен күшін де үнемдеп жұмсауда.
Назеркенің ата-анасы қауымдастықтан және барлық жанашыр халықтан барынша көмек көрсетіп, қыздарын табуға ат салысуды сұрайды. Егер сізде Назерке туралы қандай-да бір ақпарат болса, төмендегі номерлерге хабарласуыңызды сұраймыз. Сыбағаңыз дайын. Хабар берген адам туралы ақпарат құпияда сақталатын болады.
Назеркенің ата-анасы ешкімді қудаламайтынына кепілдік бере отырып: «Егер сіз біздің қызымызды ұстап отырсаңыз, қомақты сыйлыққа қайтаруыңызды сұраймыз. Біз ешкімді қудаламаймыз. Біз үшін қызымыздың үйге оралғаны ғана қажет. Қызым, Назерке, егер осы хабарландыруды оқып отырсаң, үйге қайта ғой. Сен бізге өте қажетсің, біз сені жақсы көреміз, біз — сенің ата-анаң мен бауырларың өзіңді асыға күтудеміз», — дейді.
‼️ Әріп Назерке Дарханқызы, 22.06.1999 жылы туған, 2017 жылы 10 шілдеде сағат 13:40-та Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында үйден шығып кеткен, әлі күнге дейін оралмады. Бойы 162 см, салмағы 55 кг. Шашы қара ұзын. Үстінде ұзын қара көйлегі болған.
Телефон номері бойынша іздестерген кезде оның ұялы телефоны 10.07.17 ж. Гурилев-Тәтібеков-Рысқұлов-Айша бибі көшелерінде анықталды.
Кез келген ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауларыңызды өтініп сұраймыз:
87027516977,
87754820550,
87753655301.


Соңғы жаңалықтар