Жарияланды: 1400

Белгілі заңгер: Қызындай жалаңаш әншіге ақша қыстырып мәз болған ер азаматтарда ұят жоқ

Белгілі заңгер: Қызындай жалаңаш әншіге ақша қыстырып мәз болған ер азаматтарда ұят жоқ

Белгілі заңгер қоғам мен әлеуметтік желідегі белсенді Камшат Есмухамедқызы тойға барып, ондағы ерсілікке таң қалғанын дайтты,-деп жазды Stan.kz.

«Алматыда өнердің өлгені анық, қыздармыз әкесіндей адамдардың алдында санын ашып, жылтырап шыққанда, ұяттан ешқайда қаша алмаймыз. Себебі талап қоя алатындай әншілерге заңмен тыйым жоқ.

Бұрын әкелер арлы болса, бұл күнде стриптиз көрмегендей жабысып билеп, жалаңаш әнші, бишілердің көкрегінен ұстап, денесіне ақша салып мәз.

Ішімнен ойлаймын, осындай еркектер біреуге ақша бергенен көрі, неге әйелімен жабысып билемейді екен ә? Өз қатынын еркелете алмай отырған еркек, неге түрі жылтыраған, біреуге ақша шашып әлек? Әншілеріміздің көбісіне көңілім толмайды, соның ішінде Кәмшат Жолдыбаева деген аттасыма.

Әліде таудай талап керек, әйтпесе Камшатың сіңлісі жастарды өзіне қарату мақсатынд, жартылай жалаңаш киім киіп «терлеп» жүрген көрінеді. Шамасы әпкесінің берген тәрбиесі сол.

Әлде өнердің өлгені ме? Әйтеуір бұрыннан эстарада жүрген Мақпал мен Роза апайлармыздың әндері маған өнеге, жастардың өнерінен мән көрмедім. Өкінішті!!! Өлеңіміз зың болды, әншілеріміздің жалаңаштанғаны мұң болды!!»,-деп жазды танымал заңгер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін