Белгілі заңгер Төреғалиға ішкі істер органынан жаза тағайындауын сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі заңгер Төреғалиға ішкі істер органынан жаза тағайындауын сұрап отыр

Белгілі заңгер Төреғалиға ішкі істер органынан жаза тағайындауын сұрап отыр

Әлеуметтік желіде байқау ұйымдастырып, біраз адамды тақырға отырғызып кеткен әнші Төреғали Төрәлі заңмен жазалануы мүмкін.

  • 6 Мамыр 2019
  • 1211
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz тілшісі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Құрметті, достар! Әр адамның өзінің арманы болады, сол армандарыңыздың орындалатын сәті туып тұрған сияқты. Достарымыздың ұйымдастырып жатқан шынайы байқауы басталғанын хабарлаймын. Сәттілік серіктеріңіз болсын. Жеңімпаз мүмкін сіз боларсыз», — деп бейнежазба қалдырған Төреғали Төрәлінің басы дауға қалды.

Осы бейнероликтен кейін, байқауға қатысқан біраз адамдар әнші бізді тақырға отырғызды деп, заңгерлерге жүгінген көрінеді. Бұл туралы белгілі заңгер инстаграм парақшасында жазба қалдырып, ішкі істер органынан жаза тағайындауын сұрап отыр. 

«Біз қартайсақ та, Төреғали Төрәліге алданып қалдық. Ол байқау ұйымдастырамыз деп, бәрімізден 25 мыңнан жинап алып, енді ГИВ та, басқа да жоқ», — деп шағымданды жұрт.


Табысы жыл санап еселеніп келе жатқан әншінің елді алдап кеткеніне сену қиын. Аңдамай сөйлеу — әншілердің әдеті. Төрештікі де сондай аңғалдық шығар.

Соңғы жаңалықтар