Белгілі жазушы Энгельс Ғаббасов көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі жазушы Энгельс Ғаббасов көз жұмды

Белгілі жазушы Энгельс Ғаббасов көз жұмды

Белгілі жазушы әрі қоғам қайраткері Энгельс Ғаббасов 78 жасында дүниеден озды.

  • 16 Шiлде 2014
  • 1147
Фото - Caravan.kz

«Қаламгер осыдан бірер күн бұрын қайтыс болды. Соңғы жылдары сырқаттанып жүрген болатын. Жазушының денесі туған жеріне жерленді», деп хабарлайды Қазақстан жазушылар одағы өкілі.

Э.Ғаббасов 1937 жылдың 17-қаңтарында Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында дүниеге келген. А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдаған.

1999 жылы президент сайлауына түсті.

Оның «Қарт шопан» атты тұңғыш әңгімесі «Простор» журналында жарияланды. «Жапандағы жалғыз ағаш», «Өткен жаз бен қыста», «Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ», «Кішкентай бала мен екі еркек», «Махаббат хикаясы», «Ескірмейтін соқпақ жол» атты әңгімелер мен повестердің авторы Құрмет белгісімен және медальдармен мараптталған.