Жарияланды: 760

Белгілі журналист Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі журналист Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды Сурет - qazaquni.kz

 

Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрінiң кеңесшiсi және қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi әрі кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министр Жеңіс Қасымбек Фейсбуктегі парақшасында жария етті, деп хабарлады Caravan.kz

Ж. Қасымбектің айтуынша, министрлiкте Ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын арнайы департамент құрылуда. Алдағы уақытта аталған департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтудi көздеп отыр екен.

Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Берік Уәлиді жаңа қызметімен құттықтап, министрліктің жұмысын халыққа жақындатуға бағытталған игі істердің бастамашысы болатынына сенетінін білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін