Белгілі журналист “Қалаулым” шоуын жақтаған қоғам белсендісін сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі журналист “Қалаулым” шоуын жақтаған қоғам белсендісін сынап тастады

Белгілі журналист “Қалаулым” шоуын жақтаған қоғам белсендісін сынап тастады

Қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза елдің ашуына тиген “Қалаулым” бағдарламасын жақтап сөйледі.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 4019
Фото - Caravan.kz

Ол аталған бағдарламаның бар болғаны шоу екенін алға тартып, “оны жабу үшін алдымен мені өлтірулерің керек” деп айды аспанға бірақ шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қалаулымға” қайтадан шабуыл басталыпты. Айгүл Орынбек атасына “көз жасын” төгіпті. Басқаларының да “Қалаулымнан” басқа жаулары қалмапты. Қазақтар, “Қалаулым” – ол ШОУ. Әрине, шынайы өмірге өте жақын шоу. Бірақ ол – шоу. Шоу мен шынайы өмірді шатастырмаңдар. Сондықтан да көз жастарыңды көл қылмаңдар. The Show Must Go On! “Қалаулымды” тек қана через мой труп жаба аласыңдар”, – деп бөлісті Нағашыбай Есмырза Facebook-тегі парақшасында.

Жабылсын! Қарсымын! Нағашыбай көке, “Қалаулымның” шоу екенін білеміз. Бірақ, сол шоу жастардың санасын улап жатқанын Гитлерден бетер білетініңіз ақиқат.

Сіздің піріңіз де : “Если хочешь уничтожить нацию, испорть её женщину” – деген еврейлердің сөзін мақұлдаған. Сол “Қалаулымдағы” Замираның қандай екенін сіз менен жақсы білесіз. Осындай санасыз есерсоқтардың кесірінен қаншама жас қыздар бұзылуда. Біздің отандық арналардың эфирі ластанып бара жатқаны соншалық, кірлеп кетті. Енді сол кірді кетіру – бойында намысы бар әр Қазақтың міндеті!

Мен Қазақтың қызымын! Қазағымның өзге ұлтқа мазақ болғанын қаламаймын. Ресейдің “Дом 2”-сы мынаның жанында айналайын болып қалды. Егер өліп бара жатса барсын басқа елге сол жақтан көрсетсін.


Менің ұлтымның эфирін ластамасын!  Мен қарсымын! Жапсын! “Тәйт” дейтін жасқа келген ЕЛ ағасысыз. Мынауыңызға жол болсын?! Қалжыңның да жөні бар ғой. Ұят та болса мына видеоны қойып отырмын. Ауызы лас қыз енді эфирді ластауда”, – деген Бибігүл Дәулетбекқызы шоудың атышулы қатысушысы Замираның видеосынжариялады.

Соңғы жаңалықтар