Жарияланды: 330

Белгісіз біреу Алматыдағы екі ірі банктің ғимаратында жарылғыш зат құрылғанын хабарлады

Алматы қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес мекемесінің кезекші бөліміне белгісіз біреу телефон қоңырауын шалып, осындағы екі ірі банк - АТФ және Альянс банктерінің ғимаратында жарылғыш зат құрылғанын хабарлады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Әлгі адамның айтуынша, жарылыс Фурманов көшесі 100 -үйде сағат 12-де болуы тиіс. Оқиға орнына құтқару қызметі мен қалалық өрт сөндірушілер келіп жетті. Банктердің қауіпсіздік қызметі жарылғыш затты іздестіріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін