Бельгия СІМ айыппұлдарды төлемегені үшін дипломаттарды дипнөмірлерден айыру мүмкіндігін қарастырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бельгия СІМ айыппұлдарды төлемегені үшін дипломаттарды дипнөмірлерден айыру мүмкіндігін қарастырып жатыр

Бельгия СІМ айыппұлдарды төлемегені үшін дипломаттарды дипнөмірлерден айыру мүмкіндігін қарастырып жатыр

Бельгияның сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс шетелдік миссияларды Жол жүру ережесін бұзғанына байланысты салынған айыппұлдарды төлемегені үшін дипломатиялық нөмірлерден айыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 226
Фото - Caravan.kz


Жергілікті БАҚ -тың хабарлауынша, аталған шараның қолға алынуын фламанд либералдары партиясы мен «Open VLD» демократтары атынан сенатор Мартин Тэльман көтеріп отыр, ол Бельгия билігін АҚШ-тан үлгі алуға шақырды. Яғни, төленбеген айыппұл үшін дипломаттарды дипломатиялық нөмірлерден айыру.

Сенатордың хатына Бельгияның СІМ басшысы, бұл ұсыныс қаралып жатыр деп жауап берді. Д.Рейндерс мәліметі бойынша, көбінесе Сауд Арабиясы, Үндістан және НАТО жанындағы Түркияның тұрақты өкілдері айыппұлдарын төлемейді. Сондай-ақ айыппұл төлемейтіндердің тізімінде Кипр, Германия, Грекия, Венгрия, Мальта және Словения елдері бар.