Жарияланды: 450

Бельгияда ядролық сынақтардың құрбандарына арналған Қазақстанның ескерткіші ашылады

Бельгияда ядролық сынақтардың құрбандарына арналған Қазақстанның ескерткіші ашылады

16 маусымда Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылу салтанаты өтеді.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті. Оның хабарлауынша, аталған ескерткіш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге жасаған ресми іс-сапары барысында Қазақстан халқының атынан Бельгия Республикасына ресми түрде тапсырылған болатын. Ескерткіш Еуропаның атақты мұражайларының бірі - Бельгиядағы «Фландрия даласы» кешенінде орнатылады. Салтанаты іс-шараға Қазақстан мен Бельгияның парламентшілері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін