Бензин мен дизель құны арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензин мен дизель құны арзандады

Бензин мен дизель құны арзандады

Мемлекетте қазіргі қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасы президентінің халыққа жасаған жолдауы аясында  2020 жылдың 1 сәуірінде "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттері желісін басқаратын "PetroRetail" компаниясы АИ-92 маркалы бензиннің және дизель отынының құнын 10 теңгеге дейін арзандатты.

  • 1 Сәуiр 2020
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің жекелеп сату бағасы литріне 2-9 теңгеге, дизель отынының литр құны 7-10 теңгеге арзандады. Мәселен, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында АИ-92 150 теңгеден сатылса, дизель отынының құны 183 теңгеге тұрақтады.  Басқа қалалар мен өңірлерде АИ-92 баға ауқымы 150-155 теңгені құрайды. Дизель отынының құны 182-186 теңге аралығында, — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар