Бензин тапшылығы Қостанай облысына жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензин тапшылығы Қостанай облысына жетті

Бензин тапшылығы Қостанай облысына жетті

Қостанай облысындағы көлік жүргізушілері бензин қымбаттады деп дабыл қағуда. Олар ең көп пайдаланылатын АИ-92-ні 115 теңгеден емес, 127 теңгеден алып жатқанын айтып отыр.       

  • 21 Тамыз 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

Мұндайды күтпеген көлік жүргізушілері жанармай құю үшін 60 шақырым жердегі Қостанайға қатынауға мәжбүр. Облыс орталығында баға әзірге бұрынғыша, бірақ жағдай тым мүшкіл. Бекеттер алдындағы ұзын-сонар көлік кезегі сағаттап таусылар емес. Ал Рудныйда жанармай бекеттері түгел жабылған. Табан асты туған мұндай тапшылыққа бәрінен бұрын мұнай өңдірушілер аң-таң. Айтуларынша, жанар-жағармай зауытта жеткілікті. Ал бензинге қатысты қазіргі жағдай қолдан жасалып отыр.       

Шухрат Данбай, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ Бас директоры:

— Біз әдеттегі режимде жұмыс істеп жатырмыз. «ҚазТрансоил» тәулігіне 15 мың тонна жанармай шығаруда. Тағы 25-30 мың тонна мұнай қорда бар. Жанармай қымбаттайтындай, болмаса қат болатындай дүрбелеңге негіз жоқ.