Жарияланды: 280

Бердібек Сапарбаев өткізген жиналыста шенеуніктер әкімнің көз алдында ұйықтап қалып, масқара болды

Бердібек Сапарбаев өткізген жиналыста шенеуніктер әкімнің көз алдында ұйықтап қалып, масқара болды

Ақтөбе облысының әкімдігінде әкім Бердібек Сапарбаев төрағалығымен өткен 2017 жылды қорытындылау жөніндегі жиналыста жергілікті шенеуніктер өңір басшысының алдында ұйықтап қалды.

Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазады.

Жиналысқа қала және аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыстары жөнінде есеп берді. Бұл уақытта залдағылардың дені қалғып кетті.

Оларды әкімнің баспасөз қызметінің қызметкерлері оятып, тілшілердің суретке түсіріп жүргенін ескерткен. Облыстық әкімдікте тек шенеуніктер ғана емес, құқық қорғау органдарының және басқа да сала қызметкерлері ұйықтап қалған.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында өтке жиналыста қала әкімі Ілияс Испановтың қалғып кеткені тілшілер камерасының назарына ілігіп қалған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін