Бердібек Сапарбаев өзін "қытайларға жер сатты" деп айыптаған адамды сотқа бермекші - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бердібек Сапарбаев өзін "қытайларға жер сатты" деп айыптаған адамды сотқа бермекші

Бердібек Сапарбаев өзін "қытайларға жер сатты" деп айыптаған адамды сотқа бермекші

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желі арқылы оны «ШҚО әкімі болған кезінде қытайлықтарға Үржар ауданының 85 мың га жерін сатты» деп жала жапқан Айдын Егеубаевқа қатысты сотқа арызданбақ.

  • 22 Шiлде 2016
  • 547
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыс әкімі бүгін 2016 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлім етті.

— Біздің заң бойынша жер шетелділіктерге сатыла алмайды. Ақпаратты жоққа шығару үшін Үржар ауданы әкімінен ресми жауапты күттім. Мұны жоққа шығарған хатты алдық. Мен ШҚО әкімі болғанымда шетелдіктерге 1 га жер де сатылмады. Бұл жігітті бұрын көрген емеспін. Өзгелерге сабақ болуы үшін оны сотқа беремін, — деп атап өтті әкім.

Үржар ауданы әкімінің жауабына сәйкес, аталған жер — 87 мың гектар жер осы ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге — «Даремет» ЖШС директоры С.Хванға (шамамен 30 мың га), «Ырғын» ЖШС директоры А.Ізімғалиевке, (8,7 мың га), «Манфагат» ЖШС директоры Н.Тасмұратовқа (48,9 мың га) берілген.


Соңғы жаңалықтар