Жарияланды: 10800

Бердібек Сапарбаевтың кенже ұлы қалай өмір сүруде?

Бердібек Сапарбаевтың кенже ұлы қалай өмір сүруде? Сурет - әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың кенже ұлының аты – Жансұлтан. Ол бұрын әлеуметтік желілерден жиі көрініп тұратын. Алайда өткен жылы ақпарат құралдарында атышулы фотосуреті жарияланғаннан кейін көзден ғайып болды.

Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Бердібек Машбекұлының кенже баласының бұрынырақ қалай өмір сүргенін, өзін қай жерде көрсетіп үлгергенін анықтап көрді.

Жансұлтан Сапарбаев биыл сәуір айында 25 жасқа толды. Оның үйленгені, Астанада тұрып, жұмыс істеп жатқаны мәлім.

Ол мектеп бітіре салысымен жоғары оқу орнына түсті. Жансұлтан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынас» мамандығы бойынша тәмәмдаған.  

Университетті бітіре салысымен-ақ оның мансап жолы жаман болған жоқ. Алдымен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының көмекшісі болды. Кейін «Бәйтерек» ұлттық холдингіне де тура сондай қызметке барды. Бірақ Жансұлтанның қазір қандай қызмет атқаратыны белгісіз.

Ал белгілісі, Жансұлтан бірнеше ЖШС-ның қосалқы қожайыны ретінде тіркелген. Атап айтқанда, «ASAD company» және «Алуа Ербол и Компания» фирмаларында үлесі бар. Бұлардың біріншісі әжетхана қағазын және басқа да тұрмысқа қажетті қағаз бұйымдарды шығарумен айналысады. Әрине, болашағы бар іс. Өйткені әжетхана қағазына қашан да сұраныс бар.

Екінші компания, ресми мәліметтерге сәйкес, жылжымайтын мүлік нарығында 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірақ оның нақты қандай мүлік екені беймәлім. Әйтеуір, өткен жылы қайта тіркеуден өтіпті. Айтқандай, ЖШС Жансұлтанның 12 жасында құрылған. Бірақ оның құрылтайшылар құрамына кіргеніне көп уақыт болмаған сияқты. Компания Алматыда тіркелген. Оның қосалқы иесі – әпкесі Ақбота (1978 жылы туылған). Ал осы ЖШС – Ақботаның жалғыз ғана ресми активі.

Жансұлтан Сапарбаев былтыр ғана әлеуметтік желілерде жиі көрініп жүретін. Жұмыс орнында, әйелімен қыдырып жүргенде түскен суреттерін жариялады. Және бос уақытында немен айналысатынын да көрсетті. Ол өзінің фотоларын Инстаграмдағы jonny.stark_  никіне салатын. Бірақ қазір онда мұндай ник атымен жоқ.

Жансұлтан жұмысын жақсы көретінін айтып, фотосуреттеріне жазба қалдыратын.

Фотосуреттен оның кең бөлмеде жұмыс істегенін аңғаруға болады. Және де үстелдің үстіне аяғын қойып отыруды әдет қылған тәрізді.

Бұл жігіт спортпен де айналысады екен. Әсіресе, сквошты (жабық жерде кішкентай доппен және ракеткамен ойнайды – ред.) жақсы көреді. Тіпті жарыстарда бірінші орын алып жүр.

Жансұлтан әйелін де ешкімнен жасырған емес. Екеуінің бірге түскен суреттерін талай рет жариялады.

Тағы айта кететін нәрсе, ол жұрт қатарлы көңіл көтеруден кетәрі емес. Караокемен ән салады. Тіпті кейде Суперменге айналып кетеді.

Енді оның әңгіменің басында айтқан ең атышулы суретіне тоқталсақ. Жансұлтан өткен жылдың аяғына қарай ғаламторда керемет Ferrari көлігімен көрініп қалды. Оның құны 300 мың еуро тұрады. Бұл фотоны астаналық бір белсендінің әлеуметтік желіге салғаны сол еді, жұрт Жансұлтанды да, оның әкесі – Бердібек Сапарбаевты да жабылып сынай бастады.

Журналистердің көкейінде «жап-жас кәсіпкер осындай қымбат көлікке ақшаны қайдан алған» деген сұрақ туды. Ал оған Жансұлтанның өзі жауап берді.

«Жақында ғаламторда менің отбасыма қатысты материал пайда болды. Яғни менің Ferrari-дің тізгінінде отырған суретім жарияланды. Бұған оқырмандар әртүрлі қарап жатыр. Сондықтан осыны түсіндірсем деймін. Бұл фото 2011 жылы Түркияда түсірілген. Ол кезде ме 20 жаста едім. Көшеде серуендеп жүріп, қымбат әрі әдемі көлікті көріп қалдым. Сосын онымен суретке түскім келді. Көліктің иесі менің қатты қызығып тұрғанымды байқады да, рөлде отырып суретке түсуіме рұхсат берді. Менің фотом ақпарат құралдарында 2-3 жыл бұрын да талқыға түскенін, енді сол жағдайдың қайталанып жатқанын ескерсек, бұл менің әкемді ұнатпайтындардың ісі болуы мүмкін. Әкемнің беделіне нұқсан келтіргісі келетін сияқты. Бірақ одан түк шықпайды!» деген болатын сол кезде Жансұлтан Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін