Жарияланды: 520

Берлиндегі алаңда болған теракт салдарынан 12 адам қаза тапты

Берлиндегі алаңда болған теракт салдарынан 12 адам қаза тапты

Берлинде рождестволық жәрмеңкеге жиналған топ халыққа жүк машинасының басып келуінен 12 адам қаза болды, деп хабарлады lenta.ru.

«Бүгін Брайтшайдплатцта 12 адам қаза болғанын өкінішпен хабарлаймыз. 48 адам ауруханада, олардың кейбіреулері ауыр халде», - делінген Берлин полициясының Twitterде таратқан хабарында. 
ТЖ дүйсенб күні, 19 желтоқсанда,  кешкісін орын алды. Рождестволық жәрмеңкеге келген бір топ адамды жүк машинасы келіп соққан. Жүргізуші жасырынбақ болғанымен қолға түскен. Машина кабинасында болған екінші адам қаза болды. 
Бейресми мәліметтер бойынша, айыпты адам – Ауғанстан не Пәкістаннан келген адам. Құқық қорғау органдарындағы дерек көзі ұсталған адамның бұрын да полиция назарына іліккенін, бірақ терроризммен байланысы бар болғаны үшін емес, аса ауыр емес қылмыс жасағаны үшін назарға іліккенін айтады. 
Жүк машинасы Польшада ұрланған. Алғашқыда машина Италиядан Берлинге рейс жасаған. Тасымалдаушы Щециннің оңтүстігіндегі Собьемышльде орналасқан. 
ГФР ішкі істер министрі Томас де Мезьердің айтуынша, бұны теракті деп бағалауға болатын көп нәрселер бар.
Осы оқиғаға байланысты Берлин полициясы қала тұрғындарын «қауесет таратпай, үйлерінде отыруды» сұрады. 
Брайтшайдплац Курфюрстендамм көшесінде орналасқан, алаңда кайзер Вильгельмнің Мемориалды тақтасы орналасқан. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін