Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде өнеркәсіпте — 400, ауыл шаруашылығында — 596, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта — 258, саудада — 548, көлік пен байланыста — 178, білім мен денсаулық сақтауда — 532, экономиканың басқа салаларында 1277 жұмыс орны ашылып, уақытша және маусымдық жұмыстарға 1201 адам тартылды. 2391 жұмыс орны немесе 47,9 пайызы ауылдық жердің үлесіне тиеді.
Облыста 6990 адам жұмысқа орналасса, соның 5127-сі жұмыспен қамту органдары арқылы барды. Шағын бизнестен 1863 адам орын тапты.
Өндірісте кадрларды бекіту мақсатында жұмыссыздар есебінен 1721 әлеуметтік жұмыс орны ашылса, қоғамдық ақылы жұмыстарға 4099 адам жіберілді.
Биылғы 1 маусымға 2962 жұмыссыз тіркелді, бұл экономикалық белсенді тұрғындардың 0,9 пайызын құрайды.
Кедей отбасылар саны өткен жылғы осы кездегіден 1073-ке азайып, 1607 болды.